Павлодарда ішкі көші-қон бағдарламасына бөлінген қаржы ұрланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ішкі көші-қон бағдарламасына бөлінген қаржы ұрланған

14.05.2024

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Күдіктілер ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша оңтүстік аймақтардан көшіп барған тұрғындарға қараусыз қалған үйлерді арзанға алып беріп, құжаттағы бағасын ондаған есеге арттырып көрсеткен. Қазір өңірдің алты ауданында ғана бюджеттің 600 млн теңге қаржысы қолды болғаны анықталған. Тергеу амалдарын жүргізу арнайы прокурорларға тапсырылды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу