Қазір Жайсаңбай елдімекенінде 65 адам судың бағытын бұру, аулаларды тазарту жұмыстарын атқарып жатыр. Оның елуі – ерікті, қалғаны әскери қызметкер. Ауыл адамдары бұған дейін аудан орталығына эвакуацияланған болатын. Елдімекенде тек ер адамдар ғана бар. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек қайықпен жеткізіліп жатыр. Мамыр ауылында да осындай жағдай. Жол қатынасы үзілгендіктен, көліктер көршілес Дүкен ауылы арқылы жүріп жатыр.
Асқар Уәли, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары:Тіке байланысты іске қосу үшін су өткізгіш құбыр салу жүзеге асырылуда. Құбыр құрылысы аяқталғаннан кейін тікелей жол қатынасы жүзеге асырылатын болады. Алайда ауылға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақытында жеткізіліп отыр. Мамыр ауылының негізгі бөлігі Ырғыз ауылына кезінде эвакуацияланған болатын.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында екі ауылға қатынас жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193701/)