БҚО: Үйлер қыркүйекке дейін тапсырылуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО: Үйлер қыркүйекке дейін тапсырылуы керек

14.05.2024

Батыс Қазақстан облысында қыркүйекке дейін баспанасы тұруға жарамсыз отбасыларға 456 тұрғын-үй беріледі. Олардың 386-сы қайта салынады, ал 70 үй сатып алынады. Қазір Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандарында тұрғын үй құрылысы басталды. Ал баспанасы тұруға жарамды 1 мың адамға үйін жөндеп алу үшін өтемақы беріледі. Күні бүгінге апаттан зардап шеккен 7 мыңға жуық отбасына 2,4 млрд теңге бір реттік әлеуметтік көмек берілді. Ал саяжайларда 9 мыңға жуық тұрғын үйге залал келгені анықталды. Әзірге олардың 2500-ден астамы -тұрғынның өз атында, басқа үйі жоқ, жалғыз баспанасы деп танылды. Оларға үй беріледі.
Тілепберген Каюпов ,облыс әкімінің орынбасары:
2024 жылдың 1 сәуіріне, яғни төтенше жағдай жарияланған кезеңге дейін саяжайдан басқа тұрғын үйі жоқтарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетіліп жатыр. Ал тұрғын үй бойынша салынады немесе сатып алынады. Басты талап - меншігіндегі саяжай, ішіндегі құрылысымен бірге мемлекет меншігіне өткеннен кейін ғана жүргізіледі.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу