Гүлзарларда суретке түскендерге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлзарларда суретке түскендерге айыппұл салынады

14.05.2024

Енді әдемі фото үшін де айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Алматыда гүлзарларда суретке түскендер жауапкершілікке тартылады. Шаһар әкімдігінің ақпаратынша, тұрғындардың әдемі сурет үшін ғана гүлдерді таптауы жиілеген. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын гүлзарларды таптап, өсімдіктерді зақымдамауға шақырып отыр. Қолданыстағы заңға сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Жеке тұлғаларға алғашында ескерту беріледі. Оны елемегендер 74 мың теңге айыппұл арқалайды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу