Канадада орман өрті 10 мың гектар аумақты шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада орман өрті 10 мың гектар аумақты шарпыды

14.05.2024

Тілсіз жау елдің батысында қаулап жатыр. Жағдайды күшті жел мен қуаңшылық ушықтыра түскен.

Өрт қаупі төнген аудандардан 5 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Әсіресе Британдық Колумбия провинциясында жағдай қиын. Оның Форт-Нельсон қаласынан мыңдаған адам кетіп, шамамен 100 тұрғыны ғана қалды. Орман өрті Канаданың 5 провинциясына, сондай-ақ АҚШ-тың солтүстігіне де тарады. Американың төрт штатында түтіннен ауаның сапасы нашарлағаны жөнінде дабыл қағылған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу