Қарағанды облысында егін егу науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында егін егу науқаны басталды

14.05.2024

Ірі шаруа қожалықтары соңғы жылдары тамшылатып суару техналогиясын қолданып келеді. Соның арқасында өнім 20%-ға артқан. Жаңа технологияның біреуі 5 трактордың жұмысын атқарады. Одан қалса, 30%-ға дейін су үнемделеді. Биыл өңірде 1 миллион гектар егін алқабына өнім салынады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 36 мың гектарға артық.

Сырым Бошпанов, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Жанар-жағармай осы жұмыстарға бізге 17,4 мың тонна бөлінген болатын. Қазір дизель отыны толық тасылып, 245 теңгеден литрын босатуда. Мамыр айына бөлінген 9,4 мың дизель отынын тасу бойынша келісімшарт жасалып, ақшасы төленді.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу