Балық өңдейтін 9 зауытқа қатысты қылмыстық іс қозғалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық өңдейтін 9 зауытқа қатысты қылмыстық іс қозғалған

15.05.2024

Былтырғы жылдың қазан айынан бастап балық өнімдерін өңдейтін тоғыз зауытқа қарсы негізсіз қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді. Жалпы отандық балық өнеркәсібі саласында 1300-ге жуық балық шаруашылығының субъектілері бар. Салада жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді. Біздің балықшылар өңделген балық өнімдерін 36 мемлекетке экспорттап отыр. Былтыр 30 мың тоннаға жуық өнім шетелдерге жіберілген. Дегенмен балықшыларға шабуыл тиылар емес. Бұл - кейбір экономикалық күштердің рейдерлік әрекеттері де болуы ықтимал,- деді.

 Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Бас прокуратура Қаржы Мониторингі агенттігінің балық заводтарын тексерудерінің заңдылығын анықтауы қажет және қылмыстық істің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Қаржы мониторингі агенттігінің ашқан қылмыстық істеріне тез арада қажетті құқықтық баға беріп, қарастырылып отырған істерді заң аясында әділетті тоқтатуды қажет. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу