Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Президент Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Бүгінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынас қарқынды дамып келеді. Былтыр елімізге Германиядан тартылған инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткен. Президент мұның рекордты көрсеткіш деп атады. Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығын бірлесіп дамытуды көздейді. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құру туралы ұсыныс айтқанын еске салды. Бұл орталық еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін көтеріп, түрлі инновациялық технологияларды пайдалануға сеп болады,- дейді Президент. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы CLAAS зауытының еліміздің аграрлық саласына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193725/)