Екібастұзда техногендік төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда техногендік төтенше жағдай жарияланды

15.05.2024

Екібастұз қаласында тағыда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұған, «Екібастұздың 50 жылдығы » көшесіндегі магистральдық кәріз коллекторында құбырдың жарылуы себеп болды. Әбден шіріген құбыр бітеліп, өткізу қабілеті төмендеген. Мәліметке қарағанда жөндеу жұмыстарына 5,2 млрд теңге қажет. Ауыстырылатын құбырдың ұзындығы 2 шақырым 26 метр. Диаметрі - 1200 мм. Жөндеу жұмыстарын жерді қазбай, құбырды ұнғып, яғни санация әдісімен жүргізу жоспарланып отыр.

Ержан Салханов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары:
Құбыр бойымен көлденең жарықтар пайда болды. Құбырдың жоғары бөлігі опырылып жиі апаттық жағдайлар туындауда. Қалыптасқан жағдайға байланысты Екібастұз қаласындағы магистральді кәріз коллекторында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу