Солтүстік Қазақстанда тасқыннан келген шығын 70 млрд теңгеден асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда тасқыннан келген шығын 70 млрд теңгеден асады

15.05.2024

Оның 95 пайызы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданына тиесілі. Мамандар табиғи апаттан келген залалдың алдын-ала есебін шығарды. Бұл жөнінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны болған аймақтарда ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлімдеді. Облыста 60-тан астам үй әлі де суда тұр. Тасқын басталғалы 3 млн текше метрден астам су сорылды. Құрғаған баспаналарды бағалау, жөндеу процессі жүріп жатыр. Ал «Солнечный - 2» кентінде тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған 500 үй салынып жатыр. Бірінші болып іргетасы қаланған 100 баспананың құрылысы 50 пайызға аяқталды.

Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі: 
5 маусымнан жаңдан салынып жатқан үйлерді иелеріне тапсыра бастаймыз. 500 үйдің құрылысы қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Қанша үйдің тұруға жарамсыз екені су толық кетіп, бағалау жұмысы аяқталған соң белгілі болады. Инженерлік инфрақұрылымды қалыпқа келтіру бойынша да көп жұмыс атқару қажет. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу