ЖОО-да оқығысы келетін сарбаздарға мемлекеттік грант беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО-да оқығысы келетін сарбаздарға мемлекеттік грант беріле бастады

16.05.2024

ЖОО-да оқығысы келетін сарбаздарға мемлекеттік грант беріле бастады. Бұған дейін Отан қорғаушы күні қарсаңында Президент мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарға мемлекеттік грант бөлу туралы заңға қол қойған еді. Яғни, алдағы күзден бастап Отан алдындағы борышын өтегендер 100% жеңілдік алып қана қоймай, стипендиямен қоса толыққанды грантқа ие болады. Іріктеудің ыңғайлы әрі ашық болуы үшін арнайы цифрлық палтформасы да іске қосылған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу