Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді. Президент бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндайға мүлде жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы: «Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл бағытта Роберт Фицо елеулі рөл атқарды»,-дей отыра, Премьер-министрдің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Словакия премьер-министріне демеу білдірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193755/)