Германия футболдан Еуропа чемпионаты аяқталғанша Шенген визасын беруді тоқтатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия футболдан Еуропа чемпионаты аяқталғанша Шенген визасын беруді тоқтатады

16.05.2024

Германия футболдан Еуропа чемпионаты аяқталғанша Шенген визасын беруді тоқтатады. Маусымның 14-і мен шілденің 14-і аралығында өтетін Еуропа біріншілігі кезінде теракт болу қаупі жоғары деп ел үкіметі қауіпсіздікті күшейтпек. Немістің арнайы қызмет өкілдері әуежайларда, Австриямен шекаралас кедендік бақылау бекеттерінде қырағылықты арттыруға кірісті. Берлин, Мюнхен мен Дортмундта өтетін футбол ойыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Австриядан әскерилер, жарылғыш заттарды іздейтін иттер мен кинологтар жұмылдырылады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен шабуылдарға қарсы тұруға дайындықты пысықтап жатыр.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу