Астанада республикалық шеберлік сыныбына 70 ұстаз қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада республикалық шеберлік сыныбына 70 ұстаз қатысты

16.05.2024

Астанаға жер-жерден педагогтер жиналып, білім алушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады. Республикалық шеберлік сыныбына әр өңірден 70-ке жуық мектеп педагогі қатысты. Мұндай шеберлік сыныбы, алғаш рет өтіп отыр. Шара құқықтық сауаттылық пен академиялық адалдық мәдениетін ілгерілетуге, құқық бұзушылықтың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар жас ұрпақты жауапты азамат құндылықтарына тәрбиелеуге, сонымен қатар «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтауды мақсат еткен.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу