Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

16.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады. Қазіргі уақытта шаҺар ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үй газбен қайта жабдықталды. Аудан әкімінің айтуынша коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру деректері тіркелмеген.

Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:

Тек қана наурыз айында жаққан шығындары төленетін болады. Егер мүмкіндік болмай жатса, кейін өтеуге болады. Одан кейінгі сәуір, мамыр, маусым және шілде айындағы шығындар өтелмейді. Яғни тұрғындар тарапынан төлем жасаудың қажеттілігі жоқ.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу