Үздік оқытушылар мен студенттерге Қаратай Тұрысов атындағы стипендия тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік оқытушылар мен студенттерге Қаратай Тұрысов атындағы стипендия тағайындалды

16.05.2024

Үздік оқытушылар мен студенттерге Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов атындағы стипендия тағайындалды. Бұл туралы ғалымның 90 жылдығына орайластырылған жиында айтылды. Сондай-ақ, оқу ордасындағы дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысовтың есімі берілді. Қаратай Тұрысов жастайынан елдегі қызметін абыройлы атқарып, КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Сол тұста 1987 жылы Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының жиынында түрлі тақырыпта өз пікірін ашық білдірді. Бұл оқиғаның мемлекет тарихы үшін маңызы зор. Өйткені, осы мінберде тұңғыш рет сөз сөйлеген қазақ – Қаратай Тұрысов еді. Ал тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда оның атқарған еңбегі бір төбе. Ғалым өмірінің соңғы жылдарында Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетін басқарып, заң шығару ісінде де өз қолтаңбасын қалдырды.

Ақылбек Жүнісов, Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ профессоры:

1974 жылы ол кісі жаңа ашылған Торғай облысының хатшысы болып сайланды. Сонда өзі бастама көтеріп, яғни Торғай облысы сол кезде ауыл шаруашылығымен айналысатын, сол минералдық шикізат базасын дамыту мәселесін көтерді. Сонымен қатар, сол жерде бірнеше жаңа кең орындар табылды. Бірнеше жаңа кандидаттық дисcертациялар қорғалды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу