Талдықорғанда «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауы өтті

16.05.2024

Талдықорғанда оқушылар арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауы өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен 300-ден аса бала қатысып жатыр. Биыл құлагер ақынның туғанына 130 жыл. Осыған орай қаламгердің туған жері Ақсу ауданында республикалық ғылыми конференциясы ұйымдастырылды. Шараға ақын ұрпақтары, Ілиястанушы ғалымдар, тіл жанашырлары келді. Олар ақынның зерттелуді қажет ететін мұраларына тоқталды. Қаламгердің қазақ әдебиетін қалыптастыру және дамытудағы рөлі туралы әңгіме қозғады.

Әміре Әрін, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

Ілекеңнен үлгі алған ақындар көп. Әрине қазақ халқы әдебиетке бейім, сұлу сөздің өрнегін салған халық келешекте Ілекең секілді мықты ақындардың Ілекеңнің шынайы ізбасарларының шығатындығы ақиқат.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу