ЕАЭО аясында ортақ жобаларға субсидия беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО аясында ортақ жобаларға субсидия беріледі

16.05.2024

Бүгін Сенат, Қазақстан мен Қытай арасында азаматтардың құқығын қорғау бағытындағы заңды мақұлдады. Шартқа енгізілген өзгерістер екі ел азаматтары мен заңды тұлғаларының жеке және мүліктік құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау мәселелерін тезірек шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ, сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпкерлері бірлескен кәсіпорын ашса, оларға қаржылай қолдау көрсетілетін құжатты да қабылдады. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Белорусьтің ортақ жобаларына жылына 1,8 млрд теңгеге жуық субсидия беріледі. Қаржы одақтың бюджетінен бөлінбек. Депутаттардың сөзінше, химия, металлургия және машина жасау салаларына басымдық берілмек.

Шәкәрім Бұқтұғұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Енді жобаларды қарастырамыз. Менің ойымша, Қазақстанда 150 жобалар бар. Бүкіл экономикаларға Қазақстанға осы жобалар жаңа өнім, жаңа технологиялар мен инвестиция әкеледі.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу