Елімізде 75 мыңнан астам азамат букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан ерікті түрде бас тартқан.
Яғни, оның қойған ақшасы қабылданбайды. Шектеу 6 айдан 12 айға дейін жалғасады. Жалпы лудоманиямен күрес мұнымен шектелмейді. Туризм және спорт министрлігі құмар ойынына әуес азаматтар санын 350 мыңнан 200 мыңға дейін азайтуды көздейді. Ол үшін алдағы 3 жылда 2 мыңнан астам интернет казино мен букмекерлік сайттарды бұғаттауды жоспарлаған. Оны іске асыру үшін бюджеттен 80 млн теңге қарастырылған.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=75 мың адам өз-өзін құмар ойындарынан шектеген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193814/)