Қайырымдылық марафонына тіркелу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырымдылық марафонына тіркелу басталды

16.05.2024

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық марафонына онлайн тіркеу басталды. Ауқымды спорттық шара 1 маусымда Астанада өтеді. Мақсат: салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсету. Жиналған ақша «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорына әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін аударылады. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға және дамуында ерекшелігі бар балаларға көмек көрсетіледі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу