Қытай нарығында Қазақстанның экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуінде айтты.
Жалпы бір жыл ішінде Аграрлық-өнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 1,7 есеге өскен. Сондай-ақ Қытайға экспортталған отандық ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі 84%-ға артқан. Бұдан бөлек тараптар екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Лю Гочжун Қытайдың жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруға деген ниетін жеткізді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайға экспортталған ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193819/)