Маңғыстауда төрт түліктің жолға шығып кетуі жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда төрт түліктің жолға шығып кетуі жиіледі

17.05.2024

Маңғыстауда жыл басынан бері төрт түліктің жолға шығып кетуі салдарынан 3 жол-көлік апаты болған. Бір адам қаза тауып, бірнеше жолаушы ауыр жарақат алды. Осындай оқиғаның алдын алу үшін құзырлы орган қызметкерлері мен полицейлер шаруа қожалықтарына жарық шағылыстырғыш ленталар таратып жатыр. Төрт түліктің мойнына тағылатын бұл лента көлік жүргізушілерге алдағы кедергіні алыстан байқауға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Ал, талапты елемеген азаматтар жазаланады.

Ерлан Биялиев, жол мекемесінің өкілі:

Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында шаруа қожалық иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Егер де, жол бойына мал жануарларын қараусыз қалдырылғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 408-ші бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу