Атырау облысы Махамбет ауданында жедел бригадалар мен медициналық көмек пункті қызмет көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы Махамбет ауданында жедел бригадалар мен медициналық көмек пункті қызмет көрсетеді

17.05.2024

Атырау облысы Махамбет ауданында тасқын кезінде жедел бригадалар мен медициналық көмек пункті қызмет көрсетеді. Осы мақсатта 50 төсек орын дайын тұр. Бұл пункт негізінен төсек тартып жатқан ауыр науқастарды күтімге алып, дәрігерлік көмек көрсетуге арналған. Бұдан бөлек, тасқын кезінде шұғыл медициналық көмек көрсететін екі жедел топ бригадасы жасақталған.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу