Грант жеңіп алған сарбаздар шәкіртақы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грант жеңіп алған сарбаздар шәкіртақы алады

17.05.2024

Қарулы күштерде, әскери құралымдарда боршын өтеген бір жарым мың азамат жоғары оқу орындарында жеңілдікпен оқи алады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады. Мерзімді әскери қызмет сарбаздары арасында грант үшінші рет бөлініп отыр. Биыл күзден бастап әскерде көзге түскен жастар тегін мемлекеттік грант алып қана қоймай, стипендияға да ие болады. Бұдан басқа студенттердің бірінші оқу жылы үшін жатақханадан орын бөлу де көзделген.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу