Кәсіпорындардың 88% ESG қағидасын білмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпорындардың 88% ESG қағидасын білмейді

17.05.2024

Кәсіпорындардың 88%-ті ESG қағидасын білмейді. Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. ESG – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау. Яғни, осы экологиялық қағида бойынша кәсіпорындардың табиғатты қорғаушы ретінде қалай әрекет ететіні анықталады. Ал, біздегі кәсіпорындардың дені осы қағиданы білмейді. Оны елемеу, экономика мен экологияға айтарлықтай қауіп төндіреді. Сенат төрағасы Парламенттік комиссияның кезекті отырысында осылай айтты. Мәулен Әшімбаев атап өткендей, компаниялардың экологиялық жауапкершілігі төмен.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
ESG - бұл идеология. Сондықтан, алдағы уақытта жаңа Салық кодексін қарау барысында орнықты даму күн тәртібі мен ESG қағидаларын белсенді енгізетін компаниялар үшін ерекше жағдайлар қарастыруымыз керек. Жалпы қазіргі таңда бизнес орнықты даму мақсаттары мен принциптері және ESG стандарттары туралы көп біле бермейді. Осыған байланысты бизнесті ақпараттық және әдіснамалық тұрғыдан жүйелі қолдау қажет. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу