Қазақстандық үш оқушы, халықаралық ең ауқымды ғылыми-инженерлік байқауда беделді марапаттарға ие болды. Әлемнің 70 елінен 2000-нан астам шәкірт қатысқан сайыс, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтті. Бұл конкурста, қазақстандық жас инженерлер түрлі санаттар бойынша үздік деп танылған. Оларға «Маухиба» қоры атынан арнайы сыйлықтар беріліп, Король Фахд, мұнай және минералдар университетінің білім гранттары табысталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі байқауда үздік атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193908/)