Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған құтқарушылар үйлеріне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған құтқарушылар үйлеріне оралды

20.05.2024

Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған ақмолалық құтқарушылар үйлеріне оралды. Олар екі апта бойы күн-түн демей тасқыннан зардап шеккен аймақтарда жұмыс істеді. 50-ге жуық маман Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 1 миллион текше метрден астам су сорды. Бөгеттер мен жағалауларды нығайтып, қауіптің бетін қайтарды. Қазір өңірде жағдай тұрақты.

Ұмсындық Наурызбаева 

Хабарламаларға жазылу