Иран президенті мінген тікұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран президенті мінген тікұшақ апатқа ұшырады

20.05.2024

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты. Мемлекет басшымен бірге елдің сыртқы істер министрі де опат болған. Бұл ақпаратты жергілікті мемлекеттік телеарна растады. Бұған дейін телеарна тікұшақтың жанып жатқан сынықтарын көрсеткен еді. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Бортында 4 жолаушысы болған тікұшақ жексенбіде Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта құлады. Иран президенті елдің Шығыс Әзербайжан провинциясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс өзенінде дамбаның ашылу салтанатына қатысқан. Осы шарадан соң, Тегеранға жол тартқан еді.

 Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу