Маңғыстауда құйынды дауыл бірнеше нысанды қиратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда құйынды дауыл бірнеше нысанды қиратты

20.05.2024

Маңғыстауда Қаражанбас кен орнында құйынды дауыл тұрып, бірнеше нысанды қиратты. Оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Құйынның екпіні қатты болғаны сонша 40 футтық контейнерді орнынан қозғап, бірнеше метрге ысырып жіберген.

Ал трансформаторлық қосалқы станцияны орнынан жұлып құлатқан. Сондай-ақ, аумағы 350 шаршы метр өрт сөндіру бөлімінің шатыры ұшып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Кен орнының жұмысына да кедергі келмеген.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу