Қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 мыңнан асты

20.05.2024

Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 400-ден асты. Мұны палестиналық Анклавтың денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Ал жараланғандар саны 80 мыңға жуықтаған. Құтқару жұмыстарын жүргізуде, әсіресе дәрігерлер мен азаматтық қорғаныс мамандарына ауыр салмақ түсті. Құлаған үйлер мен өзге де ғимараттардың астында қалғандарды шығару қиындаған.

Ал Израиль қорғаныс күштері Рафах және Джабалия қалаларында әскери операцияны жалғастырып жатыр. Олар жарылғыш заттар, танкіге қарсы зымырандар, дрондар, сондай-ақ қару-жарақ шығаратын шеберханаларды тапқанын мәлімдеді. Таяу Шығыста жағдай былтыр қазанның 7-де Хамас Израильге шабуыл жасағаннан кейін ушықты. Израиль содан бері қарулы топқа қарсы үздіксіз операция жүргізіп жатыр

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу