Төтенше жағдай жарияланған Құлсары қаласына осы күнге дейін мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген. Бұл жөнінде Атырау облысындағы жедел штаб мәлімдеді. Бүгінде Жылыой аудандағы гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті жүр. Олар тұрғындарға азық-түлік таратып, 500-ге жуық отбасын қажетті заттармен қамтамасыз етіп отыр.
Жанаргүл Шарғабаева, Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі:
Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Соның ішінде, ұн барлық тамақтар бар. Біздің қазір осы жерде 750 кг ұн болғанымен оны біз қазір бөліп-бөліп халыққа тиімді жағымен таратып жатырмыз.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдай басталғалы Құлсарыға мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193942/)