Ресей Қазақстан үшін қант квотасын тағы 100 мың тоннаға арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын тағы 100 мың тоннаға арттырады

20.05.2024

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын тағы 100 мың тоннаға арттырады. Екі елдің вице-премьерлері Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук Қазанда өткен келіссөздер барысында осындай келісімге келді. Кездесу «Ресей - ислам әлемі» форумы аясында өтті. Екі тарап ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға тасымалдау үшін өткізу пункттері санын арттыру мәселесін де талқылады. Мамыр айының басында Ресей үкіметі осы жылдың 31 тамызына дейін қант шығаруға уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылдаған болатын. Қазақстан үшін 120 мың тонна қарастырылған. Енді бұл сан тағы 100 мың тоннаға артады. Бұл мәселе мамыр айының соңында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қаралмақ.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Қытайлық серіктестерімізге Ресеймен мультимодальды бағыт ұсындық. Яғни, жүкті Ертіс өзенімен Зайсанға дейін кеме арқылы тасымалдап, кейін теміржолмен жөнелту. Сонымен қатар Шүлбі гидроэлектростанциясының екінші кезегін салу мәселесін талқыладық. Әуе компанияларының Қазақстанға қосымша рейс ашуын да сөз еттік. Біз Түркістанға рейстер ашуды сұрадық. Менің ойымша, бұл мәселе шешілді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу