Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. «Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 6 миллиард долларға жетті. Келешекте өзара сауда айналымы 10 миллиард долларға жететініне ешқандай күмәніміз жоқ, – деді Президент. Өз кезегінде Нуман Куртулмуш атажұртта түрік делегациясына көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын жеткізді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы түрік спортшылары мен делегациясы биыл қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысатынына сенім білдірді.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193947/)