Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

20.05.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше барлық тапсырма стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған.

Еске салайық ертең Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу