Қостанай облысында 208 отбасы баспанамен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 208 отбасы баспанамен қамтылды

20.05.2024

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккендердің тең жартысына жуығы баспанамен қамтылды. Техникалық тексеру жүргізген комиссияның мәліметінше су кірген мыңнан аса үйдің 475-і қалпына келтіруге жарамсыз. Осындай - үйі апатты жағдайда тұрған немесе құлаған 208 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Алдағы уақытта жекеменшігіне беріледі.

Мұның сыртында мүлік шығынын өтеуге 191, 3 млн теңге төленген. Қалпына келтіруге жарайтын үйлердің барлығы жөнделіп жатыр. Жұмыс15 маусымға дейін аяқталуы тиіс. Қостанай, Амангелді және Жангелдин аудандарында 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар облыс орталығының Қонай шағын ауданынан 15 үй салу жоспарланған.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу