Су басқан үйлерді бағалау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басқан үйлерді бағалау жалғасуда

20.05.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында су басқан үйлердің 80 пайызы тексерілді. Тек қана Большая Малышка ауылында 321 баспана тасқыннан зардап шеккен болатын. Елдімекенде 1 мыңға жуық адам тұрады. Табиғи апат кезінде олардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір тұрғындардың басым бөлігі өз шаңырақтарына оралып үлгерді. Бүлінген мүлікті қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға үйлерді жөндеуге механикалық бригадалар қолқабыс етіп жатыр. Көкшетау және павлодарлық мамандар үйлерге техникалық бағалау жүргізіп жатыр. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бірер күнде оның қорытындысы шығады.

Гүлшан Оспанова, мүлікті бағалаушы:
Үйлерге қандай зақым келгенін зерттейміз. Оның тұруға жарамды немесе жарамсыз екенін анықтаймыз. Бәрі суретке түсіріледі. Әр нысан бойынша жеке құжат әзірленеді. Қорытындысын тапсырыс берушілерге жолдаймыз. 

Эльмира Кәленова         

Хабарламаларға жазылу