Еліміздегі 183 компания салық төлемес үшін өзін «банкрот» деп жарияламақ болған. Кәсіпорын иелерінің жымысқы әрекетін ішкі істер органдары әшкерелеп, Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлады. Нәтижесінде 183 кәсіпорынның 50-нің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 120 млн теңгеден асады. Дегенмен талап күшейсе керек, салық төлеуден жалтарған кәсіпорындар саны жылдан жылға азайып келеді. Осыдан 2 жыл бұрын 580 компания жалған құжатпен өзін банкрот деп жарияламақ болған.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлер салық төлемес үшін өзін «банкрот» деп жарияламақ болған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193978/)