Ақтөбеде айып тұрағындағы көліктерді сатып жібергендерге сот үкімі шықты. Бұрынғы полицей 3,5, тұрақ директоры 3 жыл арқалады. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушылар қала тұрғынына тиесілі «Tayota сamry» көлігін 2 млн теңгеге сатып жіберген. Сондай-ақ, жол апатынан іске жарамсыз «Chevrolet Cobalt» автокөлігін 100 000 теңгеге темір қабылдайтын орынға өткізген. Сотталушылардың бөгде адамға тиесілі, құны 6 млн теңге болатын «Kia» автөкілігін де сатпақшы болғаны анықталды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде айып тұрағындағы көліктерді сатып жібергендерге сот үкімі шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193993/)