Иранда 28 маусымда президенттік сайлау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда 28 маусымда президенттік сайлау өтеді

21.05.2024

Иранда тікұшақ апатынан қаза тапқан Президент Ибрахим Раисимен мен өзге де марқұмдармен қоштасу рәсімі бүгін Тебриз шаһарында басталады. Содан кейін Раиси өзінің туған қаласы Мешхедте бейсенбі күні жерленеді. Ал Иран үкіметі президенттік сайлауға әзірлікті бастап кетті. Жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ирандықтар елдің жаңа басшысын маусымның 28-де таңдайды. Раиси жексенбі күні Әзербайжанмен шекаралас таулы жерде және қою тұман кезінде тікұшақ апатынан мерт болды. Онымен бірге сыртқы істер министрі, Батыс Әзербайжан провинциясының губернаторы және Тебриздің аятолласы да ұшақта болған. Қайғылы оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

 Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу