Президент ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

21.05.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді. Алдымен Иран халқы мен оның басшылығына, осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты. Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанына тоқталды. Мемлекет басшысы, шет мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі, ШЫҰ-ның маңызды форматтарының – бірі, - деді. 

Хабарламаларға жазылу