Түркістан облысында шегірткені дронның көмегімен улап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шегірткені дронның көмегімен улап жатыр

21.05.2024

Түркістан облысында шегірткелерді дрондардың көмегімен улап жатыр. Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин өңірге сапары кезінде дәрілеу жұмыстарын көрді. Қазірдің өзінде өңірде 252 мың гектар жер өңделген, оның 1500 гектары дрондармен залалсыздандырылды. Заманауи техника 1 сағатта 18 гектар жерді қамти алады. Бұл тәсіл Түркістан облысында пилоттық жоба түрінде сынақтан өтуде.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу