Павлодарда синтетикалық есірткі шығарып келген ірі өндіріс орны анықталды. 4 күдікті адам ұсталды. Біреуі қазақстандық және 3 шетел азаматы. Саяжай ауданындағы цехты тінту кезінде 170 келі мефедрон, 2 тонна прекурсор және есірткі дайындауға арналған жабдықтар табылды. Дайындалған есірткі көлемінің құны 4 млрд 200 млн теңге шамасында, дейді мамандар. Қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда синтетикалық есірткі өндірген цех анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194010/)