Иранда президентпен қоштасу рәсімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда президентпен қоштасу рәсімі басталды

21.05.2024

Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының орталығы Тебриз қаласында президент Ибрахим Раисимен және өзге жеті адаммен қоштасу рәсімі өтті. Оған сан мың адам жиналған. Мұндай рәсімдер алдағы күндері Құм, Тегеран, Бирджанд қалаларында да өтеді. Ал бейсенбіде Раиси туған жері - Мешхед шаһарында жерленеді.

Иранда президенттің қайтыс болуына байланысты алдағы бес күн қаралы деп жарияланды. Жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ирандықтар елдің жаңа басшысын маусымның 28-де сайлайды. Раиси жексенбі күні Әзербайжанмен шекаралас таулы ауданда тікұшақ апатынан мерт болды. Онымен бірге Ислам Республикасының сыртқы істер министрі, Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы және Тебриздің аятолласы да жан тәсілім еткен. Қайғылы оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу