Атырау облысында екі ауылды жалғайтын жол жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында екі ауылды жалғайтын жол жөнделді

21.05.2024

Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық өзені ернеуінен асып, сай-салаға жайылып жатыр. Ағысы қатты нөпір су елдімекендерге қауіп төндіргендіктен жолдар жырылып, бағыты бұрылды. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Біз қазір Махамбет пен Сарытоғай ауылдарының арасын жалғайтын жолда тұрмыз. Келген мол су бөгеттерді бұзып кету ықтимал болған соң мамандар шұғыл шешім қабылдап, мына жолды жырып жіберген еді. Екі ауылдың арасына қайық шығарылып, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері бір күнде 100-ден астам тұрғынды тасымалдады. Күні кеше топырақ төселіп, бетон салынып, жеңіл көліктер үшін қатынас кері қалпына келтірілді. 

Ауданда су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. 10 метр 20 см-ге жетті. Қауіпті деп белгіленген Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жұмыс күшейді. Бөгеттер қосымша нығайтылып жатыр. Бұл жұмыстарға 900-ге жуық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен әскерилер мен 100-ден астам техника жұмылдырылған.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу