Батыс Қазақстанда саяжайдағы үйлерді техникалық сараптамадан өткізу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда саяжайдағы үйлерді техникалық сараптамадан өткізу басталды

21.05.2024

Батыс Қазақстан облысында саяжайдағы үйлерге техникалық сараптама жасау, бағалау басталды. Әзірге залал келген 300 үйдің 10-ы тұруға жарамсыз деп танылды. Орал қаласында зардап шеккен саяжай тұрғындарынан 10 мыңға жуық өтініш түскен. «Самал-3» шағынауданындағы үйлерді жеке компания техникалық сараптамадан өткізіп жатыр. Әр үйді тексеру үшін 40 мың теңге бөлінеді. Шаған өзені жағасындағы баспаналар бір ай суда тұрған.

Виктор Киверов, қала тұрғыны:

Үйге екі рет су кірді. Сәуірдің басында, кейін ортасында. Үйді 7 жыл бойы салдық. Бір жыл тұрдық. Дүние мүлік бәрі суға кетті. Үйдің аумағы - 160 шаршы метр.

Мейрамбек Идресов, «Дауымшар» ЖШС сарапшысы:

Техникалық жағдайы жақсы деп, шешім қабылдап отырмыз. Фундаментінде трещина ештеңе жоқ. Қабырғалары жақсы жағдайда. Тек еден, обой, есіктері зардап шеккен. Қазіргі жағдайда тұруға жарамды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу