Cу тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде Мемлекет басшысына есеп берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cу тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде Мемлекет басшысына есеп берілді

21.05.2024

Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысының мәліметінше, 61 мыңнан аса адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттерде 5 мың 452 адам тұрып жатыр. Қазір баспанасы қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанды. 873 үй жаңадан салынып жатыр. Бұдан бөлек 891 отбасыға үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындары үшін 1,9 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленген. Зардап келген аймақтарда 11 мың 137 тұрғын үй тексеріліп, 7863 нысанды бағалау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі, 1,3 миллиард теңгеден асқан.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу