Мәдениет саласының 1500 үздік қызметкері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет саласының 1500 үздік қызметкері марапатталды

21.05.2024

Бүгін елімізде мәдениет саласының 1500 үздік қызметкері марапатталды. Құрметке бөленгендерге Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствалық наградалары табысталды. Мәдениет және өнер саласының 50 қызметкері Астана балет театрының ғимаратында құрметке бөленді. Олар «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Еңбегі еленгендер арасында қарапайым тазалықшылар да бар.

Гүлбақыт Мұхаметжанова,«Құрмет» грамотасының иегері:
Мен Алматы қаласындағы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясынан келіп отырмын. Сол салада жұмыс істеп жүргеніме 20 жылдай уақыт болды. Тазалық жағынан сол жерде жұмыс істеп келе жатырмын. Министрдің қолынан «Құрмет» грамотасымен марапатталып тұрмын. Өте қуаныштымын.

Cамал Қабышева

Хабарламаларға жазылу