Азық-түлік экспортында шағын және орта бизнестің үлесі артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік экспортында шағын және орта бизнестің үлесі артқан

21.05.2024

Азық-түлік экспорттанда шағын және орта бизнестің үлесі артқан. Былтыр шикізаттық емес экспорт бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті. Шикізаттық емес тауарлардың экспорттық позицияларының саны 278-ге өсті. 2019 жылдан бастап тұрақты белсенді экспорттаушылар саны 300 компанияға артқан. Экспорт географиясы 135 елге дейін кеңейді. Ал, мыс, мырыш, күміс, мұнай өнімдері сияқты өнеркәсіптік тауарлар бойынша жеткізулердің төмендеуі байқалды. Бұған сыртқы факторлар әсер етіп отыр. Министрдің айтуынша, агроөнеркәсіп кешені бойынша өңделген өнімдерді жеткізудің нақты көлемі артқан.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Атап айтқанда ұн – 1,1 пайызға, күнбағыс майы – 55,5 пайыздан астам, сусындар – 42,8 пайызға өсті. Азық-түлік экспорты ерекше маңызды, өйткені азық-түлік экспорттаушылардың 80 пайызы шағын және орта бизнес субъектілері. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу