Әлем біріншілігі: Е.Куюлова үшінші айналымнан сүрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем біріншілігі: Е.Куюлова үшінші айналымнан сүрінді

21.05.2024

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем біріншілігінің үшінші күнінде де қазақстандық дзюдошыларға медаль бұйырмады. 63 келіде күрескен Есмигүл Куюлова бірінші айналымда қырғыз балуанын ескерту санымен жеңсе, келесі кездесуінде Кабо-Верде өкілімен бақ сынады. Қазақстандық татами шебері белдесудің алғашқы минутында рұқсат етілмеген әдіс жасады деп, жарыс жолынан шығып қалғанды. Төрешілер күрес сәтін қайта қарап, Эсмигүлге мүмкіндік берді. Отандасымыз бұл сәтті пайдаланып 1/8 финалға жолдама алды. Ал, бұл жекпе-жекте қарсыласы польшалық Анжелика Жыманска ауырту әдісімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, бұған дейін 81 келіде күресетін Абылайхан Жұбаназар денсаулығына байланысты әлем чемпионатына қатыспайтынын айтқан едік.


Хабарламаларға жазылу