Елордада оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды

22.05.2024

Елордада 7-сынып оқушысы 4 қабаттағы балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды. Оқиға Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Кішкентай баланы ажалдан арашалап қалған Ақан Әкімжанов балконда ілулу тұрған баланы көрген кезде еш ойланбастан әрекет еткен. Ержүрек оқушының үйінде іні-қарындастары бар екен. 1001 түн бағдарламасының тілшілері Ақанның анасымен тілдескен еді. 

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу